• Анкарадағы Иранның елшісі Түркия азаматтарының қаза болуына байланысты көңіл айтты

ИИР-ның Анкарадағы елшісі Түркия ұшағының Иран территориясында құлауы салдарынан Түркия азаматтарының қаза болуына байланысты көңіл айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Ибраһим Таһерианфард түркиялық ұшақтың Иранның Шаһрекорд қаласының маңында құлауы салдарынан қаза болған түркиялық азаматтардың жақындарының қайғысына ортақтасып: "Ұшақ құлаған аймаққа бірнеше жәрдем тобы жіберілді. Олар ауа-райының нашар болуына қарамастан іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр",- деді.

Мұның алдында Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми де түркиялық ұшақтың Иран жерінде құлауына байланысты көңіл айтқан болатын.

Шарджа-Стамбұл бағытындағы түркиялық жеке ұшағы жексенбі күні кешке Иранның Чахармахал Бахтияри облысының Шахрекорд қаласының маңында құлады. Ұшақтың 11 жолаушысы жан тапсырды.

Сонымен қатар, Чахармахал  Бахтияри облысы әкімінің саяси және қауіпсіздік істері жөніндегі орынбасары Джафар Мардани Шахрекорд қаласының маңында құлаған түркиялық ұшақтың "қара жәшігінің" табылғанын хабарлады.

Джафар Мардани сондай-ақ жеке-бастары анықталған 10 мәйіттің сот-медициналық сараптама жүргізу үшін Шахрекорд қаласының әуежайына тікұшақпен жеткізілгені туралы хабарлады.

 

 

Тегтер

Mar 12, 2018 15:20 Asia/Almaty
Сараптама