• Рухани: Иран мен Ресейдің ынтымақтастығы стратегиялық деңгейде жалғасын табады

ИИР Президенті Иран мен Ресейдің әртүрлі салаларда даму үстіндегі сындарлы қарым-қатынасы мен ынтымақтастығына тоқталып, Теһран-Мәскеу стратегиялық қатынасы аймақтық және халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті дамытуға бағытталғанын айтты.

Хасан Рухани сәрсенбі күні Анкарада Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесуде: "Иран мен Ресейдің екіжақты және көпжақты қарым-қатынасы Анкара саммитінде Сириядағы халықтың талабын орындау, бейбітшілік пен тұрақтылық орнату және саяси үдерісті жалғастыру жолында дамуы керек",-деді.

Хасан Рухани Иран мен Ресейдің ынтымақтастығының аймақтық және халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті дамыту бағытында жалғасуы қажеттігін қуаттап: "Йеменде бомбалаулар мен халықты қырып-жою тез арада тоқтатылып, халықтың азық-түлік пен дәрі-дәрмекке деген қажеттілігі әлемдік қауымдастықтың көмегімен қамтамасыз етілуі керек",-деді.

Ресей Президенті Владимир Путин де осы кездесуде Иран мен Ресейдің екіжақты, аймақтық және халықаралық мәселелерде, әсіресе Сирия тақырыбындағы оң әрі тығыз байланысы мен әріптестігіне тоқталып, екі елдің жауапты тұлғаларының Теһран-Мәскеу қарым-қатынасын дамыту жолында тұрақты түрде сұхбаттасып тұруы қажеттігін айтты.

 

Apr 05, 2018 22:13 Asia/Almaty
Сараптама