• Рухани Эрдоғанды Түркия сайлауында қайтадан жеңіске жетуімен құттықтады

ИИР Президенті жолдауында Түркиядағы президенттік сайлауда Режеп Тайып Эрдоғанды қайтадан жеңіске жетуімен құттықтады.

Хасан Рухани дүйсенбі күнгі жолдауында жаңа кезеңде ИИР мен Түркияның достық және бауырластық қарым-қатынастарының бұрынғыдан күшейіп, екі елдің аймақ пен ислам әлеміндегі ынтымақтастықтарының артуына үміт білдірді.

Рухани сондай-ақ, Түркия халқына денсаулық, табыс, абырой, бақыт және жақсы тұрмыс тіледі.

Түркияның Сайлау Жоғары кеңесінің басшысы Саади Гаван Режеп Тайеб Эрдоғанды ресми түрде Түркия президенті ретінде жариялап: "Сайлау дауыстарының саналған 97,7 пайызы бойынша, Эрдоған көпшілік дауысқа ие болды",- деді.

Бейресми нәтижелер бойынша Эрдоған саналған дауыстың 99 пайызының 52 пайызына ие  болды.

 

 

Jun 25, 2018 15:38 Asia/Almaty
Сараптама