• Йеменнің зымырандық бірліктерінің шабуылдары Риядтың қорқынышына себеп болды

Саудиялық коалицияның әл-Ходейдағы жан-жақты соғысы жалғасып отырған жағдайда Йеменнің зымырандық бірліктері мен халықтық комитеттері жексенбі күні Риядта орналасқан Сауд Арабиясы Қорғаныс министрлігінің ақпарат орталығы мен патшаның қарамағындағы бірнеше орталықты зымырандық шаубылдың нысанына алды.

Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігінің әл-Ходейдаға қарсы жан-жақты шабуылы маусым айының 13 күні басталды. Сауд Арабиясы  мен Біріккен Араб Әмірлігі әл-Ходейдаға қарсы екі стратегияны, атап айтқанда әскери соғыс пен ақпарат соғысын қолданды. Бұл стратегияның мақсаты әл-Ходейданы басып алып, Ансаролланың қоршауын күшейту болды. Сауд режимі өз мақсатына жету үшін әл-Ходейдаға қарсы әрекеттердің басшылығын Біріккен Араб Әмірлігіне тапсырды. Сөйтіп, осы елмен арадағы қайшылықтарының жалғасуының алдын алмақ болды. Сауд режимі мен одақтастарының ақпарат соғысын пайдаланғаны да белгілі жайт. Әл-Ходейда әуежайын басып алу туралы жалған ақпарат – соғыстың әшкере белгілерінің бірі. Бірақ, осы уақытқа дейін Сауд Арабиясы  мен Біріккен Араб Әмірлігі  әл-Ходейда соғысында көздеген мақсаттарына жете алмады. Осы салада араб коалициясының ақпарат министрлері жиналды. Басқосу туралы Йемен Ансаролласы саяси бюросының мүшесі Сейфолла әл-Шами: "Бұл отырыс олардың Иордан өзенінің батыс жағалауындағы соғыстағы сәтсіздіктерін жасыру мен біздің елге қарсы соғысына қатысты болды. Олардың ақпарат соғыстары Йемен халқына қарсы",- деді.

Сауд Арабиясы  мен Біріккен Араб Әмірлігінің бұл стратегиясына қарсы Ансаролла өткен 12 күннің ішінде екі стратегияны, атап айтқанда қарсыласу мен зымырандық шабуылды пайдаланды. Йемен Ансаролласының басшысы Абдолмалек әл-Хуси саудиялық коалицияның әл-Ходейдаға қарсы соғысының мақсаттарына тоқталып: "Йемен халқынан бұл шабуылмен қарсыласуға жаппай қатысу сұралды. Халықтық күштердің жаппай қатысуы әл-Ходейдаға қарсы құрлық соғысының сәтсіздікке ұшырауына себеп болды. Бұл стратегия осы уақытқа дейін нәтижелі болды. Қарсыласу стратегиясымен тұспа-тұс Ансаролла Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігіне қарсы зымырандық шабуылдарды да іске асыруда. Сөйтіп, Риядты зымырандық шабуылдарының негізгі нысанасына айналдырды. Осы салада Йемен армиясының зымырандық бірліктері: "Жексенбі күні кешке бірнеше зымыран Сауд Арабиясының Риядтағы әскери және мемлекеттік нысаналарына қарай атылып, діттеген мақсаттарына жетті",- деп мәлімдеді. Коалицияның баспасөз хатшысы Торки әл-Малеки Йеменнің солтүстігіндегі Сааде облысынан Риядқа қарай атылған зымырандардың "Патриот" жүйесі арқылы жарылғаны туралы уәждердің күмән тудыратынын мәлімдеді. Бірақ, қалай болғанда да зымырандық шабуылдар Риядтың алаңдаушылығы мен қорқынышына себеп болды. Басқа жақтан бұл зымырандық шабуылдар Риядтың йемендік зымырандардың нысанасында екенін және Сауд Арабиясының қалалық аймақтарын соғысқа душар ете алатынын, нәтижесінде халықтың алаңдаушылығына себеп бола алатынын көрсетті. Сонымен қатар соғыстың күшеюі Йемен армиясы мен халықтық комитеттерінің мойынсұнуына себеп болмайтынын, керісінше олардың қарсыласу жігерінің артуына себеп болатынын көрсетті.

 

 

Jun 25, 2018 15:59 Asia/Almaty
Сараптама