• Газа секторында екі палестиналық шәһид болды

Сионистік әскерилердің Газа секторындағы шерушілерге оқ атуы салдарынан екі палестиналық жасөспірім шәһид болды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хан-Юнес қаласының шығысында 13 жастағы Мусаб Иман Асфур пен Газа секторының оңтүстігінде орналасқан Рафаһ қаласының шығысында 24 жастағы Мұхаммад Фоузи әл-Хамаида сионистердің оғынан шәһид болды.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі осы жұма күні Газа секторында өткен шеру кезінде 310 адамның жарақат алып, соның ішінде үш адамның ауыр халде жатқанын мәлімдеді.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі сондай-ақ, 2018 жылдың наурыз айының отызы күні "Оралу құқығы" шеруі басталғаннан бері қаза болған палестиналық шәһидтердің саны 130-дан асып, жарақат алғандар санының шамамен 15 000 адамға жеткенін хабарлады.

 

 

Jun 30, 2018 14:07 Asia/Almaty
Сараптама