• Балалар –

БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі дүйсенбі күні Қауіпсіздік кеңесінің "Қарулы қақтығыстардағы балалардың жағдайы" деген тақырыпта өткен отырыста палестиналық және йемендік балаларды қыруды тоқтатуды талап етіп, Қауіпсіздік кеңесінің бала өлтіруші режимге қарсы шара қолданбауын сынады.

БҰҰ-дағы Иранның өкілі Ғоламәли Хошру сионистік режимнің өткен айлардағы Газа секторындағы "Оралу құқығы" атты бейбіт шерулерге қатысқан палестиналық балаларға қарсы соғыс қылмыстарына тоқталып: "Израиль режимі палестиналық баларды өлтіруді жалғастырып отырған жағдайда, өкінішке орай, Бас хатшының мәлімдемесі бұл режимді қарулы қақтығыстардағы балалардың құқықтарын бұзушылардың тізіміне енгізбеді",- деді.

Хошру сондай-ақ, Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігінің йемендік балаларды қыруына тоқталып: "Йемендік балалардың қиындығын тек палестиналық балалардың жағдайымен салыстыруға болады",- деп баса айтты.

Әлемдік қоғам халықтардың құқықтарын қолдауға міндетті БҰҰ-нан Палестина, Йемен мен әлемнің басқа жерлеріндегі балаларды қыруды тоқтату үшін шара қолданады деп күтуде.

Израильдің Палестинадағы қылмыстарына қатысты біріншіден АҚШ үкіметін айыптау керек. Өйткені, АҚШ үкіметі Израильді қолдап, бұл режимге палестиналық жазықсыз әйелдер мен балаларды өлтіруге жол ашты.

 

Рақымсыз қырып-жою әрекеттері өткен бірнеше жылда Сауд Арабиясының атауы балаларды өлтіретін режимдердің тізіміне енгізілген жағдайда жалғасуда.

Сауд режимі де АҚШ-тың қолдауымен 2015-ші жылдың наурыз айынан Йеменге қарсы әскери шабуылдарын бастап, бұл елді құрлық пен теңіз және әуеден қоршауға алды. БҰҰ Бас хатшысының айтуынша, тырысқақ ауруы салдарынан немесе тамақ тапшылығынан әрбір 10 минуттың ішінде бір бала қаза болады. Егер бұл үдеріс тоқтатылмаса, келешекте балалар апатына куә боламыз.

Ангиялық The Guardian газеті бұл салада: "Мұхаммад бен Салман – Женева конвенциясын бұзған және Йеменнің ауылшаруашылық инфрақұрылымдарын жойып, азық-түлік пен сүт тағамдарын шығаратын зауыттар мен егістік жерлерді бомбалаған әрі әуе шабуылдарында көптеген әскери емес халықты, соның ішінде балаларды өлтіріп, жарақаттаған адамның тап өзі",- деп жазды.

Йемендегі адами апат Сауд режимінің бұл елдің қоршауын жалғастыруына байланысты күшеюде. Сауд Арабиясының Йемендегі адамзатқа қарсы әрекеттері мен бала өлтіруші Израиль режимінің Газадағы әрекеттерінің көптеген ұқсастығын байқауға болады.

Газаға қарсы 22 күндік соғыс кезінде ақпарат құралдары сионистік режимнің қылмастарын баяндау үшін "бала өлтіруші" деген терминді қолданатын болды. Қазіргі кезде Израиль режимімен бірге Сауд Арабиясы  да бала өлтіруші режим деп аталатын болды. Сионистердің Палестинадағы қылмыстары мен Сауд Арабиясының Йемендегі балаларды өлтіруінің жалғасуы АҚШ-тың қолдаулары мен БҰҰ-ның осалдығының салдарлары болып табылады. БҰҰ аталмыш қылмыскер режимдерге қарсы шынайы шара қолданбады. Сауд Арабиясы мен Израиль бала өлтіретін режимдер саналады.

 

 

 

Тегтер

Jul 10, 2018 19:48 Asia/Almaty
Сараптама