• Иран мен Түркия СІМ-лері телефон арқылы сұхбаттасты

Иран мен Түркия Сыртқы істер министрлері әртүрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту қажеттігін қуаттады.

Иран СІМ Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Мевлют Чавушоглумен телефон арқылы сұхбатында оны Түркия СІМ қызметіне қайта тағайындалуымен құттықтады. Иран мен Түркияның СІМ-лері екі ел арасындағы жақсы әрі сындарлы қатынастарға тоқталып, барлық салалар бойынша екіжақты ынтымақтастықты жалғастырып, оны бұрынғыдан бетер кеңейту қажеттігін қуаттады.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған дүйсенбі күні кешке президентті ұлықтау рәсімі өткен соң елінің жаңа Үкіметінің жұмысы басталғаннан кейін жаңа министрлер кабинетін таныстырып өтті. Бұрынғы СІМ Мевлют Чавушоглу өз қызметінде қалды.

 

 

Jul 10, 2018 21:12 Asia/Almaty
Сараптама