• Сионистік режимнің Сирияға қарсы шабуылына тойтарыс берілді

Сирия Әскерінің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері сионистік режимнің елдің оңтүстік-батысында орналасқан Кунейтра облысындағы Қорс әл-Нағл ауданына жасаған зымырандық шабуылына тойтарыс берді.

ИРНА-ның Russiya Al-Yaum ақпарат агенттігіне сілтеме жасап, бейсенбі күнгі таңертең хабарлауы бойынша, сионистік режимнің қырғи ұшақтары Сирияның Кунейтра облысындағы Хадр және Тель-Крум-Джаба елді мекендерінің айналасында орналасқан Сирия әскерінің позицияларына қарсы бірнеше зымыран атқан. Сирия әскерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері бұл зымырандық шабуылға тойтарыс берген.

Сонымен қатар, сионистік режимнің ақпарат көздері сәрсенбі күні кешке басып алынған Голан жоталарында қауіп-қатер дабылының қағылып, басып алынған жерлердің солтүстігіндегі Сафид ауданынан Patriot зымыраны атылғаны туралы хабарлаған болатын.

Сионистік режим Әскерінің ақпарат өкілі Авихай Адраи: "Patriot зымыраны Сирия тарапынан басып алынған Голан жоталары кеңістігіне кірген ұшқышсыз ұшаққа қарай атылды",- деген уәж айтты.

Сирия Әскері үш аптадан бері Дарра, Сувайда және Кунейтра облыстарында бұл елдің оңтүстік аймақтарын азат ету және тазалау мақсатындағы әскери амалдарын бастап, басып алынған Палестина шекараларына дейін жеткен.

 

 

Тегтер

Jul 13, 2018 00:51 Asia/Almaty
Сараптама