• Нетаньяху: Әуе кеңістігін бұзға жол бермейміз

Сионистік режимнің премьер-министрі Ресей президентімен кездесуде өз режимнің қарамағындағы әуе кеңістігін бұзуға жол бермейтінін мәлімдеді.

ИРНА-ның хабарлауынша, сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху сәрсенбі күні Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде: "Израиль өз шекараларын, әсіресе Сириямен ортақ шекараларды бұзуға жол бермейді",- деді.

Сондай-ақ, кездесуде Нетаньяху "Ортақ қадам", Сирия мәселесі, Таяу Шығыс жағдайы және сионистік режим мен Палестина арасындағы қайшылықтар жайлы сұхбаттасты.

Нетаньяхудың Сирияның сионистік режимнің қарамағындағы әуе кеңестігін бұзғаны жайлы айтқан негізсіз сөздері Израильдің лаңкестерге қолдау көрсету аясында бірнеше мәрте Сирия әскерінің позициялары мен инфрақұрылымдарын нысанаға алған жағдайда айтылып отыр.

Дамаск бірнеше мәрте БҰҰ бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесінің төрағасына жеке-жеке хат жолдап, сионистік режимнің Сирия жеріне қарсы жасаған шабуылдарын айыптауды сұраған болатын.

 

 

 

Jul 13, 2018 00:57 Asia/Almaty
Сараптама