• Сионистік армия тікұшақтарының  Газа секторына қарсы шабуылдары жалғасуда

Сионистік армияның тікұшақтары Газа секторының солтүстігіндегі Бейт Лахиенің шығысында палестиналық жастар тобын нысанаға алды.

Сионистік режим армиясы палестиналық жастардың өрт шығаратын батпырауықтарды сионистік қалашықтарға жіберуге қатысқандарын сылтауратып, Газа секторының әртүрлі аймақтарын нысанаға алуда.

Сионистік режимнің премьер-министрі ХАМАС-ты Газа секторына қарсы шабуылдарды жалғастыруымен қорқытып: "Израильдің Палестинаның қарсыласуына қарсы күресі аяқталған жоқ. Палестиналықтардың батпырауық жіберетін атысты тоқтату бітімін қабылдамаймыз",- деді.    

 

Тегтер

Jul 17, 2018 23:00 Asia/Almaty
Сараптама