• Сионистік режимнің түрмелерінде 291 палестиналық бала тұтқында жатыр

Палестинаны азат ету ұйымының атқарушы комитетінің мүшесі 291 палестиналық баланың әлі күнге дейін сионистік режимнің түрмелерінде тұтқында жатқанын айтты.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хенан Ашрави дүйсенбі күні палестиналық күрескер жеткіншек Ахд әт-Тамимидің босатылғанына орай жасаған мәлімдемесінде: "Сионистік режим палестиналық балалардың құқығын бұзуды жалғастырып, оларды әлі күнге дейін түрмеде ұстап, азаптап жатыр",-деп хабарлады.

Ол Ахд әт-Тамими мен оның анасының сионистік режим әскерилері тарапынан саяси кек алу сылтауымен қамауға алынғанын айтып: "Сионистік режимнің түрмелерінде Ахд пен басқа палестиналық азаматтардың басынан өткен жағдайы басқыншы режим армиясының айуандығын көрсетеді",-деді.

Ахд әт-Тамими 2017 жылдың 19 желтоқсанынан бастап сионистік режимнің түрмесінде болды. 17 жастағы палестиналық қыздың қамауға алынуына сионист әскерилерді өз үйінің ауласынан қуып шығу үшін талпыныс жасауы себеп болды.

 

Тегтер

Jul 30, 2018 23:00 Asia/Almaty
Сараптама