Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігі бір есебінде "Қайта оралу құқығы" атты шеру басталғаннан бері сионистік режимнің Газа секторына шабуылдары салдарынан ауруханаға жеткізіліп, қаза болғандардың жалпы санының 168 адамға жеткенін хабарлады.

Палестина ақпарат тарату орталығының хабарлауы бойынша, мұнымен қоса сионистік әскерилер 8 палестиналықтың мәйітін қайтаруға кедергі жасап отыр.

Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігінің статистикалық мәліметі бойынша, қаза болғандардың жиырма жетісі бала, үшеуі әйел болған, он сегіз мың адам жараланған. Олардың үш мыңнан астамын балалар құрады.

Тегтер

Aug 14, 2018 14:50 Asia/Almaty
Сараптама