• Сауд Арабиясының Йемендегі қылмыстары мен Иранға қарсы жалған уәждері жалғасуда

БҰҰ-дағы ИИР-ның тұрақты өкілі Ғоламали Хошру сейсенбі күні БҰҰ-ның бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесінің төрағасына хат жолдап, Сауд әулеті режимінің Иранның №2216 және 2231 қарарларға көңіл бөлмеуі туралы айтқан уәжін негізсіз деп атап: "Сауд әулеті режимі негізсіз уәждері арқылы өзінің Йемендегі қылмыстарын жасыруды көздеп отыр",- деді.

Сауд Арабиясы мен одақтастарының Йемендегі соғысы 14 000-нан асам йемендіктің қаза болып, он мыңдаған адамның жараланып, миллиондаған йемендіктің босқынға айналуына соқтырды.

Саудиялық басқыншы режимнің қырғи ұшақтары тамыздың тоғызы күні Йеменнің Саада облысы Дахиян қаласындағы оқушыларды тасымалдаушы автобусқа шабуыл жасап, соның салдарынан 55 бала қаза болып, 80-ге жуық адам жараланды.

БҰҰ-ның Йемендегі гуманитарлық істері жөніндегі үйлестірушісі Лиза Гранд: "Әлемнің Йемен халқының жанынан табылып, оларға пікірлестік білдіретін уақыт жетті",- деді.

Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің коалициясы бір ай бұрын Йемен қарсыласу күштерінің сыртқы әлеммен байланыс жасайтын жалғыз жол  – әл-Ходейда айлағын басып алу мақсатында әскери әрекеттерін бастады. Алайда, Йемен Әскері мен халықтық комитеттері басқыншылардың ілгерілеуіне кедергі жасады.

Америкалық Hill басылымы Йемендегі өзгерістер жайлы: "Сауд Арабиясы Йеменде тығырыққа тірелді. Сауд Арабиясының Йеменде әскери тұрғыдан қиындыққа ұшырауы Йемендегі шынайы оқиға саналады",- деп жазды.

Сауд Арабиясы БАӘ, АҚШ және басқа тағы бірнеше елдің қолдауымен 2015 жылдың наурыз айынан бастап Йеменге әскери басқыншылық жасап, бұл елді құрлық, теңіз және әуе кеңістіктері арқылы қоршауға алды.

Бұл елдің Африка мүйізіне жақын орналасуы мен Йеменнің оңтүстік және батыс бөлігінде теңіз арқылы Африканың шығыс жағалауларына көршілес орналасуы стратегиялық маңызын арттыра түсті. Сонымен қатар, Йеменнің Баб әл-Мандеб бұғазына үстемдігі энергетика мен тауар транзиті қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бұл елге екі есе маңыздылық сыйлады.

Сауд әулеті режимі Йеменге үстемдік орнатып, оны бөлшектеу мақсатында теңсіз соғысты бастады. Бірақ, күткеніне керісінше Йемен Әскері мен халықтық комитеттері күштерінен үсті-үстіне жеңіліп, ауыр шығынға ұшырады. Сауд Арабиясы енді Йеменнің "батпағынан" шығудың жолын іздестіруде, алайда бұл мақсатқа жету үшін ол Иранға қарсы айыптарға сүйеніп отыр.

Сауд Арабиясы АҚШ-тың қолдауымен Йемендегі соғысты тергеу комитетінің құрылуына кедергі жасаған жағдайда БҰҰ-ның қарарларын әшкере түрде бұзып отыр.

Сауд Арабиясын Йеменнің "батпағынан" шығаратын жалғыз жол Йеменге қарсы соғысты доғару болып табылады. ИИР мұның алдында БҰҰ-на Йеменде бейбітшілік орнату туралы жоспарын ұсынған болатын. Бұл жоспар Йеменде атысты тоқтату бітімін орнату, тез арада гуманитарлық көмек жіберу, "йемендік-йемендік" келіссөзді бастау мен бұл елде біртұтас үкімет құруды қамтиды. Иран Ислам Республикасы бейбітшілік жөніндегі жоспарды жүзеге асыруға бағытталған мағыналы сұхбаттасуға атсалысуға дайын.

 

 

Тегтер

Aug 15, 2018 14:32 Asia/Almaty
Сараптама