• Арафат даласында мүшіріктерден безу рәсімі өтті

Алланың үйіне қажылыққа аттанған мұсылман қауым Арафат даласында мүшіріктерден безу рәсімінде мұсылмандардың бірлігі мен біртұтастығын сақтап, ислам дұшпандарының іріткі салуды көздеген жоба, жоспарларына қарсы тұру қажеттігін қуаттады.

Дүйсенбі күні Ислам революциясы жетекшісінің Алланың үйіне қажылыққа аттанған мұсылман қауымға арнаған жолдауын оқумен басталған мүшіріктерден безу рәсіміне ирандық қажылар мен басқа да елдердің қажылары қатысты. Олар АҚШ, Израиль мен олардың одақтастарына қарсы ұрандар айтып, шайтандық, үстемшілдіктің символдарын айыптады.

Мүшіріктерден безу рәсімінің мәлімдемесі қатысушылардың "Аллаху Акбар" деген ұранымен  оқылды. Онда үстемшілдер және мүшіріктермен кез келген бітім жасау айыпталған.

Арафа дұғасы – дүйсенбі күні Арафат даласында өтетін рәсімдердің бірі.

3 млн-ға жуық мұсылман  жексенбі күні кештен бастап Арафат даласына аттанды. 24 сағаттан кейін, яғни дүйсенбі күні кешке бұл ауданнан Арафат пен Минаның ортасында орналасқан Машар ал-Харамға барады.

Қажылар сейсенбі күні таңертең Сауд Арабиясында Құрбан айтымен бір  мезгілде Меккенің шығыс жағындағы Мина ауданына барып, бейсенбіге дейін сол жерде болады. Содан соң шайтанға тас атып, құрбандық шалып, тиісті рәсімдерді орындаған соң Қағбаны тәуәп ету үшін Меккеге қайтады.  

Aug 20, 2018 21:04 Asia/Almaty
Сараптама