• Иран мен Ирак Арбағин рәсімдерін өткізу саласында ынтымақтастық жасайды

ИИР Ішкі істер министрі Абд әр-Реза Рахмани Фазли мен Ирак Ішкі істер министрі Қасем әл-Араджи Бағдадта имам Хусейннің (ғ.с.) шәһид болған күнінің қырқы – Арбағин рәсімдерін өткізу саласында ынтымақтастық жасау туралы келісімге қол қойды.

Жыл сайын шамамен 4 миллион ирандық зияратшы қасиетті мекендерге зиярат жасау үшін Иракқа сапар шегеді. Олардың көбісі имам Хусейн (ғ.с.) Арбағинінің жылдығы күндері Иракқа аттанады.

Сондай-ақ, Ирактың шамамен 2 миллион зияратшысы, туристері және емделуді мақсат ететін азаматтары Иранға келеді. 

 

Sep 05, 2018 22:26 Asia/Almaty
Сараптама