• Башар әл-Джафари: Сирияда химиялық қару жоқ

БҰҰ-дағы Сирияның тұрақты өкілі бейсенбі күні өткен Қауіпсіздік кеңесінің Сирия мәселесі туралы отырысында АҚШ, Франция мен Ұлыбританияның Сирия Әскерінің химиялық қару қолданғанына негізделген айыптарын шындыққа жанаспайды деп атап: "Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері саналатын кейбір елдер халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғауға лайық емес",- деп баса айтты.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Башар әл-Джафари Сирияның қолында ешқандай химиялық қарудың болмағанын, ешқашан қарудың бұл түрін пайдаланбағанын баса айтып: "Кейбіреулер ақиқатты көргісі келмейтін секілді",- деді.

Башар әл-Джафари БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің соғыс майданы еместігіне тоқталып: "Бұл кеңес бұдан бұрын Ирак пен Ливияда қате әрекеттерге барған болатын. Енді сол қателіктерінен сабақ алуы тиіс",- деді.

 

 

Тегтер

Sep 07, 2018 15:34 Asia/Almaty
Сараптама