• Ислам әлемінің қазіргі ең маңызды қажеттілігі – мұсылман елдерінің бірлігі

Ислам революциясының жетекшісі Ислам әлемінің бүгінгі ең маңызды қажеттілігін мұсылман елдерінің барынша жақындасуы мен өзара әрекеттестігі деп атап: "Мұсылман елдерінің бірлігі мен ынтымақтастығы міндетті түрде аймақ мәселелерін шешуге негіз жасайды",- деп баса айтты.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи жұма күні кешке Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен бірге келген делегацияны қабылдауында: "Үстемшілдік пен оның басында тұрған АҚШ мұсылман елдерінің ынтымақтастығы мен жақындасуына, исламдық қуаттың қалыптасуына алаңдап отыр",- деді.

Хазірет АҚШ-тың мықты мұсылман елдерімен дұшпандығы мен өшпендігінің себебін дәл осы алаңдаушылық деп атап: "ИИР мен Түркия – аймақтағы қуатты әрі беделді елдер. Олар ислам әлеміне қатысты ортақ мүдделерге ие. Сондықтан екі елдің саяси және экономикалық салалардағы әріптестіктерін бұрынғыдан бетер кеңейту қажет",- деді.

Хазірет аятолла Хаменеи сондай-ақ, Түркия президентінің Мьянма мәселесіне қатысты ұстанымдарына алғыс білдіріп, Палестина мәселесіне де тоқталып: "Палестина мәселесі әрдайым маңызды саналады. Оны бір сәтке де ұмытпаған жөн",- деп баса айтты.

Түркия президенті де мұсылман елдерінің бытыраңқылығы мен олардың арасында біртұтастықтың болмауын қазіргі жағдайдың факторы деп атап: "Батыс елдерінің тәуелсіз мұсылман елдеріне қатынасына байланысты жағдай бұрынғыдан бетер шиеленісе түсті. Дәл осы мәселе ИИР мен Түркия арасындағы пікірлестік пен бауырластықтың артуына себеп болады",- деп баса айтты.

 

 

Sep 08, 2018 14:56 Asia/Almaty
Сараптама