• Ансаролла қозғалысы: Йеменде ирандық әскери күш жоқ

Йеменнің Ансаролла қозғалысы саяси бюросының мүшесі Мұхаммад әл-Бахити сенбі күні саудиялық басқыншы коалицияның ирандық күштердің Йеменде жүргені туралы уәждерін негізсіз деп атап, тағылған айыптардың шындыққа жанаспайтынын айтты.

"Тасним" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Йеменнің қайраткерлері әрдайым бұл ел армиясының қорғаныс қуатының толығымен жергілікті екенін, Йеменнің Сауд режимі тарапынан жан-жақты қоршауда болғанына қарамастан оның күш-қуатының  күн сайын артып жатқанын баса айтып келеді.

Мұхаммад әл-Бахити, сондай-ақ, басқыншылардың Женева келіссөздерін басталмай жатып-ақ сәтсіздікке ұшыратқанына тоқталып: "Басқыншылар Йемен дағдарысының шешілуін қаламайды",-деді.

Саудиялық басқыншы коалиция өткен аптада Йеменнің Ансаролла қозғалысы  делегациясына Женевада өтетін Йемен бейбітшілігі келіссөздеріне қатысу үшін Сана әуежайы арқылы ұшуға рұқсат бермеді. 

 

Sep 09, 2018 14:59 Asia/Almaty
Сараптама