• Мыңдаған палестиналық америкалықтарға қарсы шеруге шықты

Иордан өзенінің батыс жағалауында орналасқан Рамалла қаласының мыңдаған палестиналық тұрғыны АҚШ-тың БҰҰ-ның Палестиналық босқындарға көмектесу және жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі таяушығыстық агенттігіне (UNRWA) қаржылай көмек көрсетуді тоқтатқаны үшін наразылық шеруіне шықты.

Mehr News ақпарат агенттігінің сейсенбі күнгі Vafa ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, шеруге қатысушылар қолдарына плакаттар ұстап, ұрандатып, АҚШ-тың UNRWA агенттігіне қарсы әрекетін қатты айыптады.

UNRWA агенттігі 1949 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес палестиналық босқындарға көмек көрсетіп, оларды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында құрылған болатын.

 

 

Тегтер

Sep 11, 2018 21:20 Asia/Almaty
Сараптама