• Ердоған: АҚШ Түркияның экономикасын тұралатуды мақсат етуде

Түркия Президенті: "Түркияның экономикасын нысанаға алған шабуылмен бетпе-бет келіп отырмыз. Лираның құнсыздануы – дұшпанның Түркияны экономикалық тұрғыдан тұралатуды мақсат етіп отырғанының көрінісі",- деді.

ИСНА-ның мәліметі бойынша, билік басындағы партия мүшелерінің алдында сөз сөйлеген Ердоған басқа елдермен мәміле жасау кезінде лираның рөлін арттыруға мүдделік танытты.

Түркия үкіметі осы жылдың басынан долларға шаққандағы құны шамамен 40 пайызға төмендеген лираны тұрақтандыруға талпыныс жасауда. Ердоған халқынан жинаған ақшаларын лираға ауыстырып, ұлттық валютаға сенім артуды сұрады.

 

Тегтер

Sep 17, 2018 08:46 Asia/Almaty
Сараптама