• Саудиялық коалиция йемендік науқастардың емделу мақсатындағы сапарларына бөгет жасауда

Йеменнің Ұлттық құтқару үкіметі мен БҰҰ-ның қажет жағдайда әуе сапарларын жасау туралы жасаған келісіміне қарамастан саудиялық коалиция Сана әуежайы арқылы емделу мақсатындағы шетелге шығатын алғашқы сапарға тағы бөгет жасап отыр.

Йемен Ұлттық құтқару үкіметінің СІМ Хишам Шараф Абдулла мен БҰҰ-ның Йемендегі гуманитарлық істер жөніндегі үйлестірушісі Лиз Гранди биылғы жылдың 18 қыркүйегінен бастап қажет жағдайда әуе сапарлары туралы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойған болатын.

Al Mayadeen ақпарат агенттігінің сейсенбі күнгі мәліметіне сәйкес, аталмыш келісім негізінде йемендік науқастарды шетелге емдеуге жіберу жоспарланған жағдайда Йеменнің Денсаулық сақтау министрлігі: "Саудиялық коалиция йемендік науқастарға емделу үшін Сана әуежайы арқылы шетелге шығуға бөгет жасап отыр",- деп мәлімдеді.

Сауд Арабиясы мен одақтастарының Йеменде соғыс ашуы салдарынан қазіргі кезге дейін 14 000-нан астам йемендік қаза болып, он мыңдаған адам жараланып, миллиондаған йемендік босқынға айналған.

 

 

Тегтер

Sep 18, 2018 22:26 Asia/Almaty
Сараптама