Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы дүйсенбі күні Еуразия экономикалық одағына мүше елдердің үшінші парламентаралық саммитіне қатысу үшін ирандық делегацияны бастап Түркияға аттанды.

Әли Лариджани саммитте сөз сөйлеумен қоса, Түркия Парламентінің төрағасы және саммитке қатысатын кейбір елдер Парламенттерінің төрағаларымен екіжақты кездесулер өткізеді. Бұл парламентаралық саммит Азия мен Еуропадағы 17 елдің Парламент басшыларынан 20 адам және өкілдерінен құралған делегациялардың қатысуымен үш күн бойы Түркияның Анталия қаласында өтеді.  Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Түркия сапары алдында аймақ елдері арасында сауда айналымын арттыруды осы сапардың мақсаттарының бірі деп атады.

Тегтер

Oct 08, 2018 20:39 Asia/Almaty
Сараптама