Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы АҚШ-тың біржақты әрекеттеріне қарсы тұру үшін екіжақты және жан-жақты әрекеттерді кеңейтуді талап етті.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Әли Лариджани дүйсенбі күні Түркияның Анталия қаласындағы Еуразия экономикалық одағына мүше елдердің парламентаралық үшінші отырысы аясында Ресей Думасының Төрағасы Вячеслав Володинмен кездесуінде мемлекеттердің АҚШ-тың біржақты қатынасымен қарсыласу саласындағы өз мәселелерін ортақ әрекеттер арқылы қарастыра алатынын айтты.

Лариджани АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуына тоқталып: «Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу үшін еуропалықтармен келіссөздер өткізді, бірақ бұл салада әлі шешілмеген қиындықтар бар»,- деді.

Вячеслав Володин де Иранды Ресеймен екіжақты ынтымақтастық орнатып отырған маңызды елдердің бірі деп атап, екі елдің әсіресе парламенттік істер саласындағы қарым-қатынастарын арттыру қажеттігін қуаттады.

 

Тегтер

Oct 09, 2018 17:24 Asia/Almaty
Сараптама