• Саудиялық терроршылар Хашоғджиді өлтіру үшін әуежайдан Бас консулдықтарына дейін барған

Ақпарат құралдары жариялаған жасырын бейнекамераның фильмі 15 адамнан тұратын саудиялық топтың Сауд әулеті режимін сынайтын тілші Джамал Хашоғджиді өлтіру мақсатында ұшақтан түскеннен бастап Сауд Арабиясының Стамбұлдағы Бас консулдығына кіргеніне дейінгі сәтті көрсетеді.

Al-Alam ақпарат арнасының хабарлауы бойынша, сәрсенбі күні Хашоғджидің Сауд Арабиясының Стамбұлдағы Бас консулдығына кіргеннен бір сағат бұрын  саудиялық 15 азаматтың осы ғимаратқа кіргенін және үш сағаттан кейін одан шыққанын көрсететін суреттер жарияланды.

Ақпарат саласының белсенділері осы 15 адамның кім екенін тексеру арқылы олардың көбінің Сауд әулеті режимі мен саудиялық тақ мұрагері Мұхаммад бен Салманға жақын адамдар болғанын анықтады.

Солардың бірі – Мұхаммед Саад әз-Захрани. Ол – Бен Салманның оққағары. Бұрын тақ мұрагерімен бірге түскен суреттерден байқалған. Патшалық күзет гвардиясының мүшесі болуы мүмкін.   

 

Oct 11, 2018 19:23 Asia/Almaty
Сараптама