• Сауд Арабиясы Түркияға Хашоғджидің ісін жабу үшін 5 млрд доллар пара ұсынған

Түркияның Ливандағы елшісі Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Салманның Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанға саудиялық сыншы Джамал Хашоғджидің өлтірілгеніне қатысты істі жауып тастау үшін 5 млрд доллар пара ұсынғанын хабарлады.

Ирактың "Асрар Медиа" ақпарат сайтының хабарлауы бойынша, Түркияның Ливандағы елшісі Хакан Какил Еуропаның бір жоғары лауазымды тұлғасымен сұхбатта: "Саудиялық тақ мұрагері Түркия Президентіне Сауд Арабиясының Стамбұлдағы бас консулдығында өлтірілген деген саудиялық сыншы Джамал Хашоғджидің ісін жабу үшін 5 млрд доллар пара ұсынды",-деп хабарлады.

Ақпарат көздерінің хабарлауы бойынша, Түркияның жоғары лауазымды дипломаты шетелдік тыңшылық ұйымдар, соның ішінде сионистік режимнің Моссад тыңшылық ұйымы мен АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының Хашоғджидің жоғалып кетуіне қатыстылығын теріске шығармады.  

Oct 12, 2018 17:48 Asia/Almaty
Сараптама