• Саудиялық басқыншы коалиция Йеменде тағы қылмыс жасады

Йеменнің Денсаулық сақтау министрлігі бейсенбі күні кешке бір мәлімдемесінде елдің батысындағы әл-Ходейданың оңтүстігінде орналасқан әл-Дарихами ауруханасының саудиялық басқыншы коалиция тарапынан бомбаланғанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Йеменнің Денсаулық сақтау министрлігінің басқыншы коалицияның ұшқышсыз ұшақтары мен кемелерінің әуе мен теңізден аурухананы бомбалап, оны толығымен қиратқанын мәлімдеп:  "Қазір осы шабуылда қаза болғандар мен жараланғандарды санау мүмкін емес. Өйткені, басқыншы күштер жәрдем көліктерінің бұл ауданға жақындауына жол бермей отыр",-деді.

Сауд режимінің қырғи ұшақтары 2 тамызда әл-Ходейда қаласының әл-Суре ауруханасын бомбалады. Бұл қылмыста кемінде 60 йемендік азамат қаза тауып, 100-ден астам адам жараланды.

Саудиялық басқыншы коалиция 13 маусымда Йеменнің батысындағы әл-Ходейда айлағын басып алу үшін ауқымды шабуыл бастады.

Әл-Ходейда айлағы Йеменге гуманитарлық көмектер жіберудегі ең негізгі бағыт саналады.  

 

Oct 12, 2018 20:11 Asia/Almaty
Сараптама