• Либерман Иранға Сирияны әскери базаға айналдыруға жол бермейтінін мәлімдеді

Сионистік режимнің Соғыс министрі жексенбі күні осы режимнің ИИР-ға қарсы әрдайымғы уәждерін қайталап: "Израиль Иранға Сирияны әскери базаға айналдыруға жол бермейді",-деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Авигдор Либерман сионистік режимнің Иранға қатысты саясатының өзгермегенін айтып, Израильдің Сирияға қарсы әскери шабуылдарын бұрынғыдай жалғастыратынын баса айтты.   

Сионистік режимнің Соғыс министрі Беньямин Нетаньяху мен басқа да басшылары Иранды Сирияда әскери база ашуға талпыныс жасап жатыр деп бірнеше рет айыптады.

Сионистік режим осы сылтаумен Сирияның әртүрлі өңірлерін сан рет нысанаға алды.

Сионистік режимнің бұл уәждері Иранның Сирияда ешқандай әскери базасы болмаған жағдайда айтылып отыр. ИИР тек Сирияның ресми өтінішімен өзінің әскери кеңесшілері арқылы лаңкестермен күресуге көмектесіп жатыр.  

 

Тегтер

Oct 15, 2018 16:17 Asia/Almaty
Сараптама