• Әл-Кунейтрада Сирияның туы желбіреді

Лаңкестер қашқан соң Сирия мен Голан жоталары шекарасындағы әл-Кунейтра өткелінде Сирияның туы желбіреді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша дүйсенбі күні  өткен Кунейтра өткелін ашу рәсімінде сириялық басшылар мен жергілікті қайраткерлер мен Халықаралық Қызыл крест комитетінің жауапкершілері және Голан жоталарында орналасқан БҰҰ-ның бейбітшілікті қадағалайын күштері қатысқан.

Кунейтра өткелі 2011-ші жылдан бері жабық болды. Сирияның әскери күштері мен басшылары ән-Носрат лаңкестерін жеңіліске ұшыратқан бірнеше сәтті әрекеттің арқасында аталмыш өткелді өз  бақылауына алды.

Голан жоталары - Кунейтра облысының аумағында орналасқан Сирияның оңтүстік-батыс бөлімінің жерлері. 1967-ші жылы сионистік режим Голан жоталарының үлкен бөлігін басып алған болатын.

 

Тегтер

Oct 16, 2018 14:52 Asia/Almaty
Сараптама