Түркия дереккөздерінің бірі Стамбулдағы Сауд Арабиясының консулдығын тексерген кезде Джамал Хашоғджидің өлтірілгені туралы мәліметтердің табылғанын хабарлады.

"Әл-Джазире" арнасы Түркияның Бас Прокурорының кеңсесіне сілтеме жсап: "Сауд режимінің саясатын сынаған тілші Хашоғджидің өлтірілгені туралы мәліметтерді теріске шығару талпыныстарына қарамастан Стамбулдағы Сауд Арабиясының консулдығын тексерген кезде Хашоғджидің өлтірілгені туралы маңызды мәліметтер табылды",- деп хабарлады.

Осы мәлімет бойынша, табылған айғақтар Хашоғджидің өлтірілгені туралы күмәндарды нығайтты.

CNN телеарнасы Сауд Арабиясының Джамал Хашоғджидің жоғалып кеткеніне қатысты мәлімдеме дайындап жатқанын хабарлады. 

 

 

Oct 16, 2018 18:08 Asia/Almaty
Сараптама