• Арабстан әл-Сауд әулеті саясатының батпағында малтығып жүр

Саяси орталар валюта нарығында Сауд Арабиясының ұлттық ақшасы риалдың долларға шаққандағы құнының төмендегенін хабарлауда.

Арабстан бұл күндері саяси және экономикалық салаларда ең дағдарысты күндерді бастан өткеруде. Арабстандық танымал тілші Джамал Хашоғчидің ізім-қайым жоғалуынан кейінгі Арабстан мен халықаралық қоғам арасындағы шиеленістің артуын осы дағдарысты жағдайдағы әсерлі факторлардың қатарында атау керек.  

Арабстандық тілші Хашоғчи қазан айының екісі күні Ыстамбұлдағы Арабстанның Бас консулдығына кірген соң із-түзсіз жоғалып кетті. Араб әлеміндегі танымал тілші Абдолбари Атаван мақаласында: «Сауд басшылары бұрын-соңды болмаған дағдарыспен бетпе-бет келіп отыр. Бұл тақырып Арабстанның шетелдердегі, соның ішінде Америкадағы активтерінің бұғатталуына себеп болуы мүмкін. Ондай болса, Арабстанда бұрынғыдан мүлдем басқа жағдай орнайды» деп жазды. Экономика саласының сарапшылары Арабстанның Йеменге қарсы соғысы мен аймақ пен әлемдегі лаңкестерге ауқымды қолдауын, сонымен қатар Қатармен кикілжіңді осы ел валютасының құнсыздануы мен қор биржалары жұмыстарының әлсіреуі және сол елдің экономика саласындағы келесі мәлелелер деп атады.

Арабстанда орнаған саясаттың қараңғы кеңістігі елінің экономикалық дағдарысына көлеңке түсіріп, қиындықтарды арттыра түскен.

Джамал Хашоғчи жоғалып кеткен соң көптеген ақпарат құралдары, тілшілер мен инвесторлар қазан айында Рияда «Болашақтағы инвестицияның бастамасы» деген атаумен өтетін конференцияға қатысудан бас тартты.

Бұл Американың саясаттарының салдарлары мен Арабстанның қастандық саясаттарға еруі әлемдік қор биржаларының төмендеуі мен тұрақсыздық пен соңғы апталардағы мұнайдың әлемдік бағасының арзандауына себеп болды.

Арабстанда Малек Салман билік басына келген уақыттан бері әл-Сауд режимінің елдің саяси және экономикалық салалардағы қате саясаттары ауқымдырақ аспектілерге ие болды.  

«Ғасыр мәмілесі» шеңберінде Арабстанның орасан байлығы қару-жарақ, экономикалық және сауда саласындағы бірнеше миллиардтық келісімдерге қол қойылу түрінде Вашингтонның ықтиярына тапсырылады.

Осылайша, қауіпсіздікті «импорттау» арқылы Сауд режимі Арабстанда өзінің билігін бұрынғысынша сақтап қалуды көздеуде.   

Бірақ, мұндай саяси және экономикалық мәміле Арабстанның экономикалық жағдайының ушығуына себеп болды.

Әлемдік банктің статистикасына сәйкес, Сауд Арабиясының экономикалық өсімі 2017 жылы нөлге жуық болған. Бұл – соңғы жылдары бұрын-соңды болмаған жағдай.

Сыртқы саясат пен халықаралық экономикада да Әл-Сауд Арабстан халқының бар байлығын Америка президенті Дональд Трампқа «Ғасыр келісімі» барысында сыйға тартты.

Oct 16, 2018 21:40 Asia/Almaty
Сараптама