• Ахваздағы лаңкестік әрекеттің негізгі жобалаушысы Ирактың Диале облысында өлді

Ислам революциясы Сақшылар корпусының қоғамдық қатынастар бөлімі Иранның оңтүстік-батысындағы Ахваз қаласында болған жуырдағы лаңкестік әрекеттің негізгі жобалаушысы Абу Заханың Ирактың Диале облысында қарсыласу күштерінің әрекеттерінде өлгенін хабарлады.

Ислам революциясы Сақшылар корпусының қоғамдық қатынастары бөлімінің мәліметі бойынша, сейсенбі күнгі Ирактың шығысындағы Диале облысындағы қарсыласу күштерінің әрекеттерінде Ахваз қаласында орын алған жуырдағы лаңкестік әрекеттің негізгі жобалаушысы Абу Заха мен тағы төрт лаңкес өлді.

Қыркүйектің 22 күні лаңкестер ИИР қарулы күштерінің парады өтіп жатқан жерге жақын парктен рәсімді тамашалап тұрған адамдарға оқ атты. Лаңкестік әрекет салдарынан 25 адам қаза болып, алпыстан астам адам жарақат алды.

 

 

Oct 17, 2018 16:34 Asia/Almaty
Сараптама