Теһран жұма намазының уақытша құтпагері саудиялық сыншы, тілші Джамал Хашагджидің жоғалып кетуіне қатысты айтқан сөзінде бұл істің АҚШ пен Сауд Арабиясының өлтіру, талан-таражға салу және қылмыс жасаудағы пасық болмысын әшкерелегенін қуаттады.

Теһран жұма намазының уақытша құтпагері аятолла Ахмад Хатами Хашагджи ісінің Сауд әулеті үкіметінің іргесін шайқалтқанын айтып: «АҚШ Сауд әулетінен өте көп ақша алып,  Хашагджидің ісін жабуды көздеп отыр. Хашагджи ісінің егжей-тегжейінің анықталуы АҚШ пен Сауд Арабиясына ауыр соққы береді»,-деді.   

Теһран жұма намазының уақытша құтпагері Хосейннің (ғ.) қырқы – «Арбағинді» салтанатты түрде өткізу қажеттігін қуаттады.   

Х.қ.ж.с.б. 1440 жылдың сафар айының 20 жұлдызында (2018 жылдың қазан айының отызы) Кербала даласында шәһид болған әлем шиіттерінің үшінші имамы хазірет Хосейн (ғ.) мен серіктерінің қырқы рәсімі өтеді.

 

Oct 20, 2018 14:25 Asia/Almaty
Сараптама