Палестина Денсаулық сақтау министрлігі жұма күні кешке Газа секторында ұйымдастырылған 31-ші "Орталу құқығы" атты шеру кезінде 5 палестиналықтың қаза тауып, 170 адамның жаралғанын хабарлады.

Al-Alam арнасының мәліметіне сәйкес, Палестина Денсаулық сақтау министрлігі жараланғандардың арасында әйелдер мен балалардың саны көп болғанын хабарлаған.

Газа секторында "Жер күніне" орай наурыздың отызынан басталған "Оралу құқығы" атты бейбіт шеруі әлі күнге дейін өтіп жатыр.

30 наурыздан осы уақытқа дейін шеру кезінде 200-ден астам палестиналық израильдік әскерилердің оғынан қаза тауып, 22 000-ға жуық адам жарақат алған.

 

Тегтер

Oct 27, 2018 16:59 Asia/Almaty
Сараптама