Түркияның дінтанушысы "Арбағин" рәсімдерінің салтанатты өтетіндігін атап айтып, жаяу жүру рәсіміне мұсылмандар мен әлемнің азаттық талап ететін миллиондық жамағатының қатысуын олардың имам Хусейн (ғ.с.) мен хазіреттің адал серіктеріне деген махаббаттарының белгісі деп бағалады.

Иран Телерадио бірлестігі Шетелдік торабының түрік тіліндегі радиосының мәліметі бойынша Түркияның діни мәселелер жөніндегі зерттеушісі Талебе Мотлохан Гунеш: "Имам Хусейннің (ғ.с.) ерлігіне тәнті миллиондаған жан Ашура ерлігі мен Кербала оқиғасын мәңгі сақтау үшін жыл сайын имам Хусейннің (ғ.с.) "Арбағин" рәсімдері кезінде жиналып, әлем үстемшілеріне маңызды сабақ беріп, әлемдіктерге Кербала оқиғасының ұлылығын көрсетеді. Сондай-ақ, шәһид болған имамдарының армандары мен мақсаттарымен келісімдерін жаңғыртады. Стамбул, Измир, Иғдир және Карс қалаларының адамдары да "Арбағин" рәсімдеріне қатысады",- деді.

 Х.қ.ж.с.б. 1440 жылдың сафар айының жиырмасыншы жұлдызы, сәйкесінше 2018  жылдың қазанның отызы әлем шиіттерінің үшінші имамы Хусейн (ғ.с) мен хазіреттің адал серіктерінің Кербала шөлінде қаза болған күнінің қырқы саналады. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналатын миллиондаған зияратшы бұл күнгі "Арбағин" рәсімдеріне қатысу үшін Кербала қаласына келеді. Ресми мәліметтер бойынша, 2017 жылғы "Арбағин" күнгі жаяу шеруге шамамен 14 миллион зияратшы қатысқан. 

 

 

Oct 28, 2018 22:30 Asia/Almaty
Сараптама