ИИР Сыртқы істер министрі даму үстіндегі ислам елдерінің D8 тобының сауда айналымында ұлттық валютаны пайдалануға мүмкіндік жасалғанын хабарлады.

Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні Түркияның Анталия қаласында D8 тобына мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің он сегізінші отырысы аясында сөйлеген сөзінде осы отырысқа қатысушылардың келісімі бойынша мүше елдер арасында ұлттық валютамен алмасуға қатысты ортақ палата құрылатынын айтты.

Зариф D8 тобына мүше елдердің ғылым мен технология саласында әріптестік жасаудың осы топқа мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің он сегізінші отырысында қабылданған қаулыларының бірі екенін айтып: «ИИР Хамаданда D8 тобының халықаралық университетін ашу туралы ұсыныс жасады. Ұсыныс мүше елдердің қолдауына ие болды»,-деді.

 

 

Nov 04, 2018 19:50 Asia/Almaty
Сараптама