• Түркия СІМ Анкара мен Токионың Иранның  энергетикалық ресурстарын қажет ететінін қуаттады

Түркия Сыртқы істер министрі өз елі мен Жапонияның Иранның энергетикалық ресурстарын импорттауды тоқтатпайтынын мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің сәрсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Мевлют Чавушоглу Токиода Жапония премьер-министрімен кездесуден кейін Түркия мен Жапония үшін Ираннан басқа энергетикалық ресурстарды ұсынатын елді табу қиы екенін, сондықтан АҚШ-тың қысымымен  Иранмен ынтымақтастықты доғару туралы талаптарын орындаудың мүмкін емес екенін қуаттады.

Чавушоглу АҚШ-тың Иранды оқшауландыруға бағытталған әрекеттерін нәтижесіз әрі қауіпті деп атап: "Санкция қандай нәтижеге жеткізсе де, бұл Анкара үшін қабылдауға келмейтін шара",- деді.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған да жексенбі күні АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын айыптап, өз елінің ешқашан оны сақтамайтынын мәлімдеген болатын.

 

 

Тегтер

Nov 07, 2018 19:39 Asia/Almaty
Сараптама