• Cаудиялық оппозиционерлерді жою үшін 50 адамнан тұратын команда құрылды

Ұлыбританияның BBC телеарнасының сәрсенбі күнгі хабарлауы бойынша, саудиялық басшылар өткен жаздан бері өздерінің оппозиционерлерін жою үшін 50 адамнан тұратын команда құрған.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бір саудиялық дереккөзі BBC Arabic телеарнасына берген сұхбатында осы уақытқа дейін саудиялық басшылар тарапынан осы елдің іші мен Еуропадағы оппозиционерлерді жою үшін бірқатар практикалық шаралардың атқарылғанын айтып: «Саудиялық сыншы әрі тілші Джамал Хашоғджиді өлтіру – саудиялық тақ мұрагері Мұхаммад бен Салманға жақын адамдар атқарған  алғашқы іс емес»,‑деді.

ВBC телеарнасы, сондай‑ақ, Хашоғджидің өлімінен бір жыл бұрын түрмеде өлтірілген бір саудиялық оппозиционердің ісі жайлы жаңа ақпаратты жариялады. 

 

 

Тегтер

Nov 08, 2018 20:24 Asia/Almaty
Сараптама