Палестинаның ХАМАС қозғалысының қарамағындағы «Әл-Ақса» телеарнасының ғимараты сионистік режимнің дүйсенбі түнгі әуе шабуылында толық қирады.

Аль-Маядин телеарнасы сионистік режимнің әскери ұшақтарының шабуылдарынан кейін «Әл-Ақса» телеарнасы  бағдарламалары таралуының тоқтағанын хабарлады. Бұл арна қаза болғандардың немесе жарақат алғандардың санын хабарлаған жоқ.

ХАМАС қарсыласу күштері сионистік әскерилерді тасымалдайтын автобусқа зымырандық шабуыл жасағаны туралы бейнематериалды көрсететінін жариялағаннан кейін сионистік режим телеарнаның  ғимаратын шабуылдарының нысанасына алды.

 

Тегтер

Nov 13, 2018 16:30 Asia/Almaty
Сараптама