Dec 11, 2018 23:35 Asia/Almaty
  • Ирандық инженерлер имам Хосейн (ғ.с) кесенесін дамыту жобасында техникалық қиындықтардың шешімін тапты

Кербала облысының әкімі имам Хосейн (ғ.с) кесенесін дамыту жобасы барысындағы инженерлік-техникалық қиындықтарға сілтеме жасап, ирандық инженерлердің жерасты сулары бағытын өзгертіп, су бөгейтін дуалдар орнату және бетондау арқылы және кесененің тарихи құрылыстарын сақтап қалып, осы ірі жобаны жүзеге асыруға лайық екендіктерін көрсеткенін айтты.

Ақил Тариһи ирандық инженерлер, мердігерлер мен құрылысшылар тарапынан жүзеге асырылып жатқан шәһидтердің көшбасшысы имам Хосейннің (ғ.с) кесенесін дамыту жобасының бірінші кезеңін көруге келгенде сөз сөйлеп: "Ирандық бауырларымыз өздерінің техникалық тұрғыдағы әлеуеттерін көрсетті. Себебі, бұл жоба зияратшылардың келуін тоқтатпай, қасиетті кесененің құрылысын сақтап қалу және жерасты суларын дұрыс бақылауға алу арқылы жүзеге асырылуы тиіс болған. Сондықтан ирандық инженерлер бұл істі өте жақсы атқарды",- деді.

Ол аталмыш жобаны жүзеге асырудың маңызы жайлы: "Кербаладағы зияратшылар санының миллиондық деңгейге артуы мен әлемнің жер-жерінен бұл мекенге шағбан айының ортасы, Арапа күні, мұхаррам айындағы онкүндікте, Арбағин және тағы басқа атаулы күндері зияратшылардың келуі үшін қолайлы жағдай жасалды",- деді.

 

 

 

Сараптама