Dec 15, 2018 14:36 Asia/Almaty
  • 38-ші

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауында ұйымдастырылған "Оралу құқығы" атты шеру кезінде бір палестиналық жігіттің сионист әскерилердің оғынан шәһид болып, 50-ден астам адамның жараланғанын мәлімдеді.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі сондай-ақ, 16 жастағы Махмұд Юсеф Махмұд Нахланың сионист әскерилердің әл-Бира қаласының солтүстігіндегі атысы салдарынан шәһид болғанын хабарлады. Бұл хабарламаға сәйкес, Al Alam арнасының арнайы тілшісі де жараланғандардың қатарында.

"Оралу құқығы" атты бейбіт шеру "Жер күніне" орай наурыздың отызынан бастап әлі күнге дейін Газа секторында ұйымдастырылып келеді.

"Оралу құқығы" бейбіт шеруі басталғаннан қазірге дейін 240-тан астам палестиналық израильдік әскерилердің оғынан шәһид болып, 25 000-нан астам адам жарақат алды.

 

 

Тегтер

Сараптама