Dec 16, 2018 15:14 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрі: «Егер «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында Иранның ұлттық мүдделері қамтамасыз етіліп, Еуроодақ өз міндеттемелерін орындаса, ИИР бұл келісімге табандылық танытады», деді.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні Катардың астанасы Доха қаласында өткен халықаралық отырыста Иранның АҚШ‑пен келіссөз өткізуіне еш дәлелдің жоғын айтып: «Иран өзіне 12 шарт қоятын елмен ешқашан келіссөз жүргізбейді»,‑деді.

Зариф АҚШ санкцияларының Иран саясаттарының өзгеруіне себеп болмайтынын айтып: «Иран мұнай сатып, әлемдік қауымдастықпен ықпалдастығын жалғастыра береді. Теһранмен әріптестіктен бас тартқандар жеңіліс табады»,‑деді.  

Зариф, сондай‑ақ, Ираннан Йеменге қару‑жарақ жіберілгенін теріске шығарып: «Иран йемендіктерге қару‑жарақ жіберген емес. Йемен халқы бұл елдің бұрынғы Президенті Әли Абдулла Салехтің кезінде Сауд Арабиясынан алған қаруларды пайдаланып жатыр»,‑деді.  

Тегтер

Сараптама