Jan 08, 2019 19:21 Asia/Almaty
  • Иранның Иракқа тауар экспортының көлемі артты

Өткен тоғыз айдың ішінде Ираннан Иракқа құны 11 миллиардтан астам долларды құрайтын тауар мен электр қуаты экспортталды.

Иранның Ирак және Сириямен экономикалық қатынастарын дамыту штабының хатшысы Хасан Данаифар өткен тоғыз айдың ішінде Ираннан Иракқа 6,5 миллиард доллар көлемінде тауар мен 3,5 миллиард доллар көлемінде электр қуаты экспортталғанын мәлімдеді.

Данаифардың айтуы бойынша, өткен тоғыз айдың ішінде Ираннан Иракқа экспортталған тауар былтырғы жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда Иранға қарсы санкцияға қарамастан шамамен 40 пайызға артқан.

Иранның Ирак және Сириямен экономикалық қарым-қатынастарын дамыту штабының хатшысы АҚШ-тың Ирактың Иранмен экономикалық байланысын тоқтату үшін жасап жатқан қысымдарына сілтеме жасап: "Ирактың 40 пайызға жуық энергиясы, яғни 1300 мегаватт электр қуаты Иран арқылы қамтамасыз етіліп отыр. Мұндай байланыс жолын үзу мүмкін емес",- деді.

Ирак – Иранның Таяу Шығыс пен Азиядағы маңызды экономикалық серіктестерінің бірі.

 

 

Тегтер

Сараптама