Jan 09, 2019 13:11 Asia/Almaty
  • Эрдоған Болтонмен кездесуден бас тартты

Түркия Президенті АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік істері жөніндегі кеңесшісімен Анкарада кездесіп, сөйлесуден бас тартты.

 

ИСНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Джон Болтон сейсенбі күні Реджеп Тайып Эрдоғаннан онымен кездеспейтіні туралы жауап алған соң,  Түркиядан ұшып кетті.

Түркия Президенті Америка Ұлттық қауіпсіздік істері жөніндегі кеңесшісінің "АҚШ Сирияның солтүстігінен шығуы үшін Түркия "Халық қорғаушысы" бірлігін қорғауы керек" деген сөзін сынады.

АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік істері жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон құрамында өз елі Армиясының ортақ штабының басшысы Джозеф Данфорд пен Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Джеймс Джефри бар делегациямен Анкараға келген болатын.  

 

Сараптама