Jan 10, 2019 19:08 Asia/Almaty
  • Иран мен Ирактың Мұнай министрлері ынтымақтастықты арттыру туралы сұхбаттасты

ИИР мен Ирактың Мұнай министрлері екі ел арасындағы ынтымақтастықтарды арттыру қажеттігін қуаттады.

Иран Мұнай министрі Бижан Зангане бейсенбі күні таңертең ирандық делегацияны бастап Ирак астанасы Бағдадқа барды. Занганені ирактық әріптесі Самер әл-Ғадбан қарсы алды.

Зангане тілшілердің алдында екі ел арасындағы ынтымақтастық үшін көптеген негіздердің бар екендігін, бұл сапар барысында ирактық әріптесімен және Ирактың басқа да басшыларымен кездесу өткізетінін айтып: "Екі ел арасында көптеген ортақтастықтар бар. Сондықтан екі мемлекет өте ауқымды ынтымақтастық жасай алады",- деді.

Ирактың Мұнай министрі Самер әл-Ғадбан да екі елдің ортақ негіздерін қуаттап, екі тарап келіссөздерінің табысты өтетініне үміт білдірді.

Иран мен Ирак Мұнай министрлерінің кездесуі барысында Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) деңгейіндегі қажетті үйлесімдік жұмыстар жайлы кеңес өткізу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Иран Мұнай министрі Ирак Президенті Барһам Салеһ, премьер-министрі Адель Абдулмаһди және Электр қуаты мнистрі Леви әл-Хатибпен кездесіп, сұхбаттасу өткізуді жоспарлап отыр.

Иран мен Ирак энергетика саласында жақсы ынтымақтастыққа ие. Иранның Иракқа газ экспортынің көлемі 15 миллон текше метрге жеткен.

 

 

Тегтер

Сараптама