Mar 21, 2019 12:01 Asia/Almaty
  • Израиль – адамзатқа қарсы қылмыстардың айқын көрінісі

БҰҰ-ның зерттеу комитеті 2018 жылы Газа шекарасындағы шерулер мен Израильдің шабуылдары туралы мәлімдемесі мен сол оқиғалардағы қылмыстары үшін айыпталып отырған израильдіктердің тізімін ұсынды. БҰҰ тізімді халықаралық сотқа тапсырады.

Бұл мәлімдеме Израильді халықаралық құқықтарды бұзғаны үшін жауапты деп атады. БҰҰ-ның Зерттеу комитеті 250 беттік мәлімдемесінде «Оралу құқығы» шерулерінде Израильдің палестиналық наразыларға қарсы қару пайдаланып, адамзатқа қарсы қылмыстарды іске асырғанына тоқталды. Құқықтық тұрғыдан дұшпандық әрекеттерге тікелей қатысы жоқ қарапайым адамдарды қырып-жою әскери қылмыс саналады. Сионистік режимнің әскерилері Газа шекарасында «Оралу құқығы» шерулеріне қатысқан палестиналықтарға қарсы оқ жаудырып, 270-тен астам палестиналықтың шәһид болып, 27000-нан астамының жарақат алуына себеп болды. Осыдан біраз уақыт бұрын БҰҰ-дағы Газа оқиғаларының шындығын зерттеу комитеттің басшысы Сантьяго Кантон мәлімдемесінде израильдік әскерилердің адам құқығына қатысты халықаралық заңдарды бұзғанын жариялап, оны әскери немесе адамзатқа қарсы қылмыстар деп атады. БҰҰ-ның мамандары сан рет Израильдің Газадағы палестиналықтардың шерулеріне қарсы адамзатқа қарсы қылмыс жасағанын қуаттады. «Оралу құқығы» деген бейбіт шерулер Газа секторында 2018 жылдың 30 наурызынан басталып, әлі жалғасып келеді. Сионистік режимнің басып-жаншушы машинасы шеруді тоқтату мақсатында палестиналықтарды қырып-жойып келеді. Адамзатқа қарсы қылмыстар Израиль режимінің тіпті бұл заңды режим құрылмастан бұрынғы 1948 жылдың 14 мамырында дейін басталған ең маңызды қылмыстарының бірі саналады. Бұл қылмыстар қырып-жою, босқынға айналдыру, қудалау және лаңкестік әрекеттер қолдану түрінде іске асырылды. Көптеген халықаралық конвенциялар, соның ішінде Халықаралық қылмыстық соттың жарғысы бойынша, геноцид адамзатқа қарсы немесе әскери қылмыс аталады. Газадағы азық-түлік пен дәрі-дәрмек енгізуге тыйым салу, науқастарды Газадан шығаруға рұқсат бермей, тұтқынға түскендерді азаптау – бір ұлтты жою, қудалау, апартеидтік қылмыс пен азаптаудың» айқын мысалы. Мұның барлығы халықаралық қылмыстық жарғының 7-ші бабы бойынша адамзатқа қарсы қылмыс саналады. Сионистік режимнің палестиналықтарды қырып-жою әрекеттері – адамзатқа қарсы қылмыс пен геноцидтің айқын көрінісі. Өткен жылдары Израиль қылмыстарының күшеюі, әсіресе бұл режимнің Газаға қарсы жабайы шабуылдары әлем халықтарының жандарына жара салды.

 

 

Тегтер

Сараптама