Aug 14, 2019 12:23 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Сауд Арабиясы мен БАӘ нің Йеменді бөлшектеуге бағыттаған қастандығына бар күш қуатпен қарсы тұру керек

Ислам революциясының жетекшісі Йемен Ансаролла қозғалысының делегациясымен кездесуінде Сауд Арабиясы мен БАӘ нің Йеменді бөлшектеуді көздеп отырғанын айтып: «Бұл қастандыққа бар күш қуатпен қарсы тұру керек және біртұтас аумаққа ие Йеменді қолдау қажет», деп еске салды.

Ислам революциясының жетекшісі сейсенбі күні осы кездесуде  Сауд Арабиясы, БАӘ және олардың демеушілерінің ауқымды айуандық басқыншылықтарына джиһадтық рухпен қарсы тұрған Йемен халқының иманы мен қырағылын мақтап: «Йеменде әралуан діни сенімдер мен әртүрлі тайпалар барын ескерсек, бұл елдің біртұтастығын сақтау йемендік‑йемендік диалогын өткізуді қажет етеді»,‑деді.

Аятолла Хаменеи ИИР жүйесінің АҚШ пен Батыс елдеріне қарсы ұстанымдарына тоқталып: «Бұл соқыр сенімнен туындаған ұстаным емес, шынайы жағдай және АҚШ пен Батыс елдері басшыларының қатынасы негізінде қалыптасқан. Олар адами, азаматтық және ақлақтық принциптерді желеу етіп, ең нашар қылмыстар жасап жатыр»,‑деді.

Ислам революциясының жетекшісі, сондай‑ақ, Батыс әлемінің Йемен мен Палестинада болып жатқан қылмыстарға немқұрайлы қарауын қазіргі әлемдегі шындықтардың бір үлгісі деп атады.

Осы кездесудің басында Йемен Ансаролла қозғалысының баспасөз өкілі Мұхаммад Абдуссалам осы қозғалыстың жетекшісі сейіт Абдулмалек Бадреддиннің хатын аятолла Хаменеиге тапсырып: «Өте ауыр жағдайда қалған Йемен халқы бос қолмен, бірақ иман мен нық қадамның арқасында 17 елдің басқыншылығына төтеп беруде»,‑деді.

Тегтер

Сараптама