Sep 10, 2019 22:23 Asia/Almaty
  • Газа секторында сионистік режимнің бір ұшқышсыз ұшағы құлатылды

Ақпарат көздері Газа секторында Палестина қарсыласу күштері тарапынан сионистік режимнің бір ұшқышсыз ұшағының құлатылғанын хабарлады.

Al-Mayadeen ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Палестина қарсыласу күштері дүйсенбі күні кешке Газа секторындағы Рафах қаласының шығысында сионистік режимнің бір ұшқышсыз ұшағын анықтап, нысанаға алды.

Al-Alam телеарнасының израильдік ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлауынша, Палестина қарсыласу күштері Газа секторындағы Рафах қаласының көгінде бір израильдік ұшқышсыз ұшақты құлатқаннан кейін оны өз ықтиярына алды.  

Тегтер

Сараптама