Dec 15, 2018 22:31 Asia/Almaty
  • Иран:

"Маранджаб» шөлі – Иранның ең танымал шөлдерінің бірі. Ол Исфаһан облысының Аран мен Бидгол ауданының солтүстігінде орналасқан.

Шөлдің теңіз деңгейінен орташа биіктігі шамамен 850 метр. Оның басым бөлігін құм және ұсақ қиыршық тастар басып жатыр. Су мен қоректің болуына байланысты оның жануарлар және өсімдіктер дүниесі бай. "Чах Кондже" тұзды шөл даласы, Тұзды көл, "Саргардан" (Сергелдең) аралы, Маранджаб керуен сарайы, Коланг тауы мен тағы басқалар осы шөл даланың тартымдылықтарының қатарына жатады. Қауіпсіздіктің сақталуы және жануарлар мен өсімдіктердің алуандығы туризм үшін қолайлы кеңістік тудырды.

 

Исфаһан облысының Аран мен Бидгол ауданының солтүстігіндегі "Маранджаб" шөлі

 

Тегтер

Сараптама