Dec 27, 2018 19:17 Asia/Almaty
  • Иран: Абр орманы

Семнан облысындағы Абр (Шаһруд) орманы сирек кездесетін флора мен фаунасына байланысты Иранның ең көрікті жерлерінің бірі саналады. Абр орманы – үшінші геологиялық дәуірге жататын Каспий аймағының хиркан ормандарының ең көне әрі көркем бөлігі. Жалпы ауданы 35 000 шаршы шақырымды құрайтын бұл орман Иранның солтүстігіндегі жасыл ормандардың жалғасы саналады.

Көбінесе бұл орманның кеңістігін бұлт басып тұратындықтан ол "Абр" орманы, яғни "Бұлтты орман" деген атаумен танымал. Ормандағы бұлттардың ағаштарға жақын орналасқандығы соншалықты, орман бұлттың үстіне шығып, бұлттардың арасында серуендеуге болатындай көрінеді.

Абр (Шаһруд) орманы: Семнан облысы
Абр (Шаһруд) орманы
Абр (Шаһруд) орманы
Абр (Шаһруд) орманының әсем табиғаты
Абр (Шаһруд) орманында бұлттардың арасындағы серуен

 

Сараптама