• Рухани: Теһран Мәскеумен қарым-қатынастарын барлық салада дамытуды қалайды

Иран Президенті: «Ресей – Иранның маңызды досы әрі көршісі. Теһран Мәскеумен қарым-қатынастарын барлық салада дамытуды қалайды»,- деді.

Иран Президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні Ресей Федерациясының Федералды Жиналысының басшысы Валентина Матвиенкомен Теһрандағы кездесуінде: «Иран мен Ресейдің қарым-қатынастары ең жақсы деңгейде. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейінгі кеңістікті экономикалық мәдени, ғылыми және технологиялық салалардағы ынтымақтастықтарды арттыру үшін пайдалану керек. Лаңкестік топтар бүкіл аймақ пен әлем үшін қатерлі. Сондықтан лаңкестікті жойып, тұрақтылық орнатып, Сирия халқының өз елін басқару құқығын қайтарғанша бұл топтармен бірге күресуді жалғастыру қажет»,- деді.

Ресей Федерациясының Федералды Жиналысының басшысы Валентина Матвиенко да бұл кездесуде Мәскеудің Иранмен жан-жақты қарым-қатынастарды дамытуды қалайтынын қуаттап: ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы екі елдің ынтымақтастықтарына жол ашты. Ресейлік компаниялар, әсіресе энергетика саласындағы компаниялар Иранның жобаларына қатысуды қалайды»,- деді.

 

 

 

Nov 15, 2016 17:44 Asia/Almaty
Сараптама